«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша кәсіби дамыту иститутының «МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЫН ӘРЕКЕТТЕРІН ТАЛДАУ» тақырыбында өткізілген көшпелі практикалық сабақтар "Бегім ана" бөбекжай бақшасында ұйымдастырылып, аудандардан келген әріптестерімізге бөбекжай-бақша тәрбиешісі Бекзат Пірмаганбетқызы панорамалық оқу қызметін өткізді. Оқу қызметінің өне бойы ойын арқылы ұйымдастырылды.
Мақсаты:
- әріптестерімізбен тәжірибе алмасу;
- оқу қызметтерімізде қолданыста жүрген жаңа заманауи технологиялармен бөлісу;
- іс тәжірибеге енгізу.
#облыстықсеминар