1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Алтын ұя" ІТ бөбекжай бақшасында мерекелік іс-шара үлкен сән-салтанатпен атап өтілді. Жалпы, мерекенің өзі биылғы "Балалар жылымен" астасып жатқаны белгілі. Сол себепті балалар күніне арналған шара әуелі "Бақытты балалық шақ" флэшмобымен басталды. Шара спорттық эстафеталық сайыс, түрлі-түсті бормен тас жолға сурет салу және балалар шеруімен жалғасты. Бөбекжай бақшаның артқы бөлігінде «Әсем әуен әлемі – балалық шақта» атты мерекелік ән шашу, қызықты репертуарлар, театрландырылған көрініс, композициялар орындалды. Ал, балғындар үшін мұның бәрі есте қаларлық сәттердің біріне айналғаны анық.