Бөбекжай бақшада "Су - тіршілік көзі" апталығы ұйымдастырылды. Апталықта Су тіршілшіктің нәрі екендігі түсіндіріліп, түрлі шаралар өткізілді. Апталық барысында "Көңілді көпіршіктер мерекесі" аталып, балаларға ерекше көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ, "Нептун күні" ұйымдастырылды. Балалар су хауызындағы түрлі жаттығуларды жасап, қызықты сайысқа қатысты. Сонымен қатар, дәстүрден тыс сурет салу техникасымен "Су астындағы тіршілік" тақырыбында сайыс ұйымдастырылып, жеңіпмаз балалар дипломдармен марапатталды. Су апталығы балаларға ерекше әсер қалдырды.

#БалаларЖылы
#АлтынҰя
#БалаБақша
#СуАпталығы