Бала қоршаған ортамен танысып, ауа-райының құбылыстары арқылы түрлі ойындарын үйрету мақсатында жел, су, топырақпен ойнайтын ойын түрлері ұйымдастырылды. Апталық барысында балалар қолөнермен айналысты, шерулер мен саяхаттар қамтылды. Балалар өз қолдарымен жел екіпіне арналған жаңа ойыншықтар жасады. Қолайлы картон, пішінін қорғайтын қағаз, пластик бөтелкелер, және қалың сақтауға арналған полиэтилен, сондай-ақ стик қалам, акрил бояулар, қылқалам, желім «Момент» қажет болды. Жел екпініне арналған ойыншықтар (вертушкалар) шеруі ұйымдастырылды. Шеруге бөбекжай бақшаның барлық балалары қамтылды. Шараға балалар өте белсенді қатысты. Жел мен Гүл таласы қойылымын тамашалады. Сондай-ақ, жоспарға сәйкес ересек топ балалары таза ауаға саяхат жасап, табиғаттың түрлі құбылыстарымен танысты. Су ағысын бақылап, өз қолдарымен қағаздан жасаған қайықтарын су жолына жіберді. Балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылған жұмыс жоғары нәтиже көрсетті.
#АлақайЖазКелді
#БалаларЖылы
#АлтынҰя