Дені сау адам – бақытты адам. Дені сау азаматтар – мемлекеттің ең бағалы капиталы. КМҚК «Алтын ұя» бөбекжай бақшасында «Дені саудың - жаны сау» тақырыбында бөбекжай бақша қызметкерлері арасында эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Жарыс барысында қызметкерлерді шапшаңдыққа, ептілікке, жылдамдыққа спорттық ойындарға деген бейімділігін арттырып, денсаулықтарын жаңғырту, сонымен қатар достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық орнату мақсатында дене шынықтыру мамандары Набиханұлы Шерхан және Төлегенұлы Еркебұлан жеті турдан тұратын (1.Желаяқ. 2.Шытырман алаң. 3.Қырықаяқ. 4.Мерген пингвин. 5.Қақпашы. 6.Егіздер. 7.Арқан тартыс) ерекше сайыс үлгісін өткізді. Жарыста әділқазы алқалары таңдалып, қызметкерлерге сәттілік тіледі. Жарыс кезінде ойынға қызығушылықтарына жағдай жасалды. Жарыс соңында қызметкерлер дипломмен мараппатталды
.#АлтынҰя
#БалаБақша
#ЭстафеталықСайыс