Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.

Отбасы күніне орай «Алтын ұя» бөбекжай бақшасында ата-аналармен бірлескен «Отбасы –бақыт мекенім» тақырыбында ересек және мектепалды даярлық топтар арасында ерекше сайыс ұйымдастырылды. Сайыс барысында отбасының маңыздылығын сонымен қатар құндылықтарын бала бойына сіңіру. Сайыс кезеңдері жоба қорғау, отбасылық құндылығын аттыратын бірнеше бөлімдерден тұрды.

Ата-аналар берілген жобалар бойынша қорғау жұмыстарын жүргізіп, сайыс кезеңдеріне қызығушылықпен белсенділік көрсете білді. Ата-аналарға бөбекжай бақша бүлдіршіндері және қызметкерлері атынан ән шашу тарту етілді. Сайыс соңында бөбекжай бақша меңгерушісі З.Ш.Ерназарова ата-аналарға алғыс білдіріп, грамоталармен марапаттады.

#ОтбасыКүні

#АлтынҰя

#БалаларЖылы