Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі облыс әкімінің орынбасарының Ұстаздар күнін атап өту жөніндегі № 1802 21.09.2022 жылғы жоспардағы хатына сәйкес КМҚК «Алтын ұя» бөбекжай бақшасында жоспар құрылып, «Ұлағатты ұстаз – ұлт мерейі» тақырыбында апталық болып өтті. Ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін балалардың бойына дарыту мақсатында  «Ұстаздар күніне» арналған бейнероликтер көрсетілімі , қабырға газеттері , ортаңғы және кіші топтар арасында Ұстаз-ұлы есім тақырыбында тәрбие сағаттары және ересек мектепалды даярлық топтардың облыстық кітапханаға саяхаты ұйымдастырылды. Сонымен қатар ересек және мектепалды даярлық топтары арасында  «Қалдырған ізің мәңгілік» атты ертеңгілік болып, ұстаздарды ұлықтап , өлең шумақтары, ән айтылып ,би биленіп, көтеріңкі көңіл сыйлады.