«Алтын ұя» бөбекжай бақшасында ата-аналармен қауымдасатықты нығайту және мектепке дейінгі ұйымға ата-аналарды тарту мақсатында «Ақбота» ересек тобының тәрбиешісі Кадирова Гулмира Нартайқызының ұйымдастыруымен «Ата көрген-оқ жонар, ана көрген-тон пішер» тақырыбында іс –шара болып өтті.Іс-шара барысында кезеңдері таныстырылып ,ата-аналар белсенділік көрсетіп ,қызығушылық танытты. Ата-аналар арасында  пікір таластар, балаларымен бірге сұрақ-жауап түрлері, қол өнерлері , мақал-мәтел жасыру сияқты кезеңдер барысында  жоғарғы деңгейде белсенді қатысушылық көрсетті. Іс-шара соңында барлық ата-аналар номинациялар бойынша марапатталды.