«Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі» тарауында көрсетілген мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесінің алдына балаларды тәрбиелеу мен оқыту үшін жауапкершілікті іске асыруда ата-аналарға көмек көрсету жолымен оларды педагогикалық процеске белсенді қатысушылар ретінде тарту мақсаты қойылған. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін: әр тәрбиеленушінің отбасымен әріптестік қарым-қатынас орнату, балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру мақсатында «Алтын ұя»бөбекжай бақшасы жоспарға сәйкес барлық топтар арасында ата-аналарға арналған марафон бастап кетті. Алғаш болып Есекеева Динара «Қарлығаш» мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі 5 күнге шақталған «Онлайн отбасылық марафон» ұйымдастырды.
Марафон мақсаты:Отбасы құндылықтарын еске салу,жақындарымен бірге уақыт өткізуге көмек беру,отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасының жақсаруына жағдай жасау.
Марафонға қатысуға топтағы барлық тәрбиеленушілердің отбасына марафонға қатысуға ұсыныс жасалды. Марафон «Ватсап»желісі арқылы 5 күнге 5 тапсырма бойынша жүргізілді.
1 күн «Менің отбасым-менің қамалым»
2 күн «Тәттілер күні»
3 күн «Шежіре күні»
4 күн «Смартфонсыз күн»
5 күн «Отбасылық театр»
Әр күн сайын берілген уақытқа дейін ата-аналар белсенділік танытып, кері байланыс жасап отырды. Марафон соңында күнделікті орындап отырған отбасыларға номинациялар беріліп , ішінен «Үздік отбасы» болып танылып марапатталды.