Ойын психологиялық түзетудің әдісі ретінде бала тұлғасының танымдық, эмоционалды, әлеуметтік, шығармашылық, әрекеттік және мотивациялық сфераларын дамытады. Ойын балалардың негізгі іс–әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық–физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным–көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәніне ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойында әрбір адам ойнап өседі. Ойынды көп ойнаған баланың дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Осы орайда тәрбиеленушілердің көңіл-күйлері көтеріліп, қызыға да, қуана отырып, психологпен көңілді күн өткізді.
#Педагог-психолог
#Балалар жылы
#2022
#Бақытты балалар