Қызылорда облысынан 28-12-08.12.2022 аралығында
«Өрлеу »Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымдарда балаға қатысты зорлық-зомбылықтың алдың алу» тақырыбында білім беру бағдарламасы бойынша 72 сағаттық курстан «Алтын ұя»ІТ бөбекжай бақшасының педагог-психолог маманы Жунусова Ғалия және ересек топ тәрбиешісі Өксікбай Айсауле курстан өтті. Осыған орай іс-тәжірбиесін педагогтармен әдістемелік күн ұйымдастырылды. Зорлық-зомбылықтың алдын алудың заманауи әдістері мен тәсілдерін қолдануда тыңдаушылардың біліктілігін арттыруға, мектепке дейінгі ұйымдарда зорлық-зомбылықсыз тәрбиелеудің тиімді әдістерін Реджио, Монтессори әдісін) тәжірибеде қолдану жолдарын түсіндірді.
Бағдарламаның мақсаты:балалардың зорлық-зомбылыққа ұшырауының алдын алуда мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тәрбиешілерінің ұйымдастырушылық кәсіби құзіреттілігін дамыту.
Бағдарламаның міндеттері:
- Қазақстан Республиксының заңдарына сәйкесмектепке дейінгі ұйымдардабаланың құқықтарын қорғауға қатысты нормативтік құқықтық актілер талаптарын білу, түсіну және қолдану;
- мектепке дейінгі ұйымдарда зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған әдіс-тәсілдерді, дағдыларды меңгеру;
- мектепке дейінгі ұйымдарда зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жаңа әдіс-тәсілдерді, технологияларды тиімді қолдану, мәселелерді шешуге бағытталған іс-әрекеттерді қолдану.
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мектепке дейінгіұйымдардабаланың құқықтарын қорғауға қатысты нормативтік құқықтық актілердің талаптарын біледі;
- мектепке дейінгі ұйымдарда зорлық-зомбылықтың алдын алу тәсілдері мендағдыларын меңгереді;
- мектепке дейінгі ұйымдарда зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша шағын жоба аясында жаңаәдіс-тәсілдерді, технологияларды тиімді қолданады, мәселелерді шешуге бағытталған іс-әрекеттерді ұсынады.
1- тап
Зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін ата-аналармен жұмыс түрлері
2- тап
Зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін балалармен жұмыс түрлері
3- тап
Зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін педагогтармен жұмыс түрлерін ұйымдастырды.