«Алтын ұя» IT бөбекжай бақшасында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жоспарға сәйкес «Тәуелсіздік тұғырым » тақырыбында «Ақбота» ересек тобында ертеңгілік болып өтті. Ертеңгілік мақсаты бойынша тәрбиеленушілердің бойына  ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сананы, әрбір қазақ баласының бойына дарыту және туған жерін, елін, Отанын сүюге патриоттық тәрбие беру. Сонымен қатар кіші топтар арасында тақырыпқа сай қызықты ойын түрлері   ұйымдастырылды.  Балалар өз Отанын сүюге және патриоттыққа тәрбиелене отырып, шымырлыққа шапшаңдыққа үйренеді. Ортаңғы топтар арасында ұйымдастырылған іс-әрекеттер және «Тәуелсіздік рухы күшті ғажап күн!» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Балаларға дәстүрден тыс сурет салу жолдарын ойын арқылы кіріктіріп, шығармашылық қызығушылықтарын арттыра түсті. Байқау соңында балаларды марапаттап өтті.