БАЛАБАҚШАДАҒЫ ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ
БАЛАБАҚШАДА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІН ӨТКІЗУГЕ АРНАЛҒАН
НҰСҚАУЛЫҚҚА сәйкес жоспарланып, «Алтын ұя» IT бөбекжай бақшасында «Құтты болсын жаңа жыл!» тақырыбында барлық топтарда 20.12.2022 -29.12.2022 аралығында жаңа жылдық ертеңгіліктер басталып кетті. Мереке бағдарламасы балалар мерекені толықтай көріп, көңіл көтеруге барлығы қатыса алатындай етіп, қамтылып құрылды. Балалар өздері қатысып билегенде, ойнағанда, ән айтқанда ғана көңілі көтерілетіндей ертеңгіліктер болуда. балалардың жас ерекшеліктері, қызығушылықтары, үйренген репертуары ескеріліп құрылды. Балалардың мерекеге деген қызығушылығы өте жоғары.Мерекені әсерлі көңіл-күймен қарсы алып ,өлеңдер әндермен ойын түрлерімен жақсы деңгейде өткізуде.
#АлтынҰя#
#ЖаңаЖыл#
#БалаларЖылы#