«100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда қаласының Сырдария шағын ауданында 320 балаға арналып, 16 топты қамтитын «Алтын ұя» бөбекжай бақшасы ашылды. Бөбекжай бақшаның ашылу салтанатын Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 2009 жылдың 23-қарашасы күні рәсімдеп, балабақша кілтін алғашқы меңгеруші Өтемұратова Баршагүл Жәмитқызына табыстады.
Бүгінде "Оқу ісінің үздігі" төс белгісінің иегері, жоғары санатты педагог Ерназарова Зафура Шаршабекқызы басқарып отырған «Алтын ұя» бөбекжай бақшасы 10 жыл бойы үлкен сенімге ие болып келе жатқан тағылымы мол, тарихи маңызы бар тәрбие мен білімнің ұясы.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпы адамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеу» делінген. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында бөбекжай бақшада 94 қызметкерлер жұмыс жасайды, оның ішінде педагог қызметкерлер саны – 47.
Бөбекжай бақшамыз су хауызы, логопед – дефектолог, педагог – психолог, ән-әуез залы, денешынықтыру залы, сенсорлық, STEAM кабинеттермен жабдықталған.
Бөбекжай бақшамыздың оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі №412 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын басшылыққа алады.Бөбекжай бақша педагог – тәрбиешілері «Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы», «Тәй-тәй», В.В Воскобовичтың ойын әдісі, Ақпараттық – коммуникативтік технология, Д.Кюизенер таяқшалары, Фридрих Фребель материалдары, Б.П.Никитин технологиясы, Ойын технологиясы, М.Монтессори педагогикасы,Ефименко технологиясы, Жобалау технологиялары, STEAM кабинеті,Робототехника үйірмесі, Интеллектум ойындары оқу тәрбие процессінде балалардың бірегей қабілеттерін дамытуда кеңінен қолданылуда.
2018 жылғы 5 қазан күні Елбасымыздың халыққа арналған кезекті Жолдауында білім беру ісіне 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударуды атап өтті.Осы мақсатта Қызылорда қаласының Педагогикалық шеберлік орталығы филиалында «Жаңартылған білім мазмұны » тақырыбында білім жетілдіру курсы ұйымдастырылып, онда 11 тәрбиеші білімдерін жетілдірді.
2020 жылы Қалалық әкімдіктің қаржыландыруымен бөбекжай бақшамыздың барлық топтары және STEAМ, ән-әуез кабинеттері BILIMBOOK нтерактивті панелімен жабдықталып, педагогтардың заман талабына сай әлемдік ақпараттар мен жаңа бағдарламалардың маңыздылығын жетік меңгеріп, шығармашылықпен жұмыс жасауына зор ықпалын тигізуде.Интерактивті панельдерге BILIM KIDS, BILIM LAND платформалары мен интернет желісі орнатылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларына» сәйкес, бөбекжай бақшамызда жоғары санатты-3педагог, І санатты – 5 педагог, ІІ санатты – 7 педагог, 8 педагог-модератор және 1 педагог-сарапшы жұмыс жасауда.
Бөбекжай бақшамыздың тәлімгер ұстаздарының іс-тәжірибесін тарату мақсатында жарық көрген әдістемелік жинақтары және мақалалары бар.
1.«Кел, балалар, сахналайық!» атты әдістемелік материалдар жинағы.
Авторлары: З.Бердибекова.,С.Ибрагимова,Э.Абдраманова 2020 жыл
- «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» әдістемелік материалдар жинағы.
Авторы: Жүнісова Ғалия Есенбайқызы 2018 жыл
- «Мектепалды даярлықтағы білім берудің мазмұны мен сапасын арттыру жолдары» әдістемелік нұсқаулық
Авторы: Бегжанова А.А.,Сағындықова Г.С.
- «Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған балабақша бүлдіршіндерін дамытушы әдістемелік құрал»
Авторы: Кадирова Г.Н.,Қалдыбекова А.А.,Зікірова Қ.Ғ.
«Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының «Дана бала» республикалық журналына бөбекжай бақшамыздың әдіскері Т.Ш.Шамахунованың «Мектепке дейінгі ұйымда заттық-дамытушы ортаны ұйымдастырудың маңызы»,логопед-дефектолог Ж.И.Жалғасбаева «Баланың сөйлеу тілінің қалыптасуында екі немесе көптілді меңгерудің мәселелері» мақалалары жарық көрді.
Облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен жергілікті телеарналар және әлеуметтік желілері арқылы бөбекжай бақшамыздың педагогтарының іс – тәжірибелері таратылуды.
1.Бердібекова З.И.- «Балалардың ырғақтық сезімін қалыптастыруда қазақтың ұлттық аспаптарын пайдалану»
2.Бегжанова А.А.- «Нн дыбысы және әрпі»
3.Қалдыбекова А.А.- «Аа дыбыс және әрпі»
4.Абдраманова Э.Н.- «Ғажайып дыбыстар үйірмесі»
5.Аяпова Қ.Т.- «Сандар»
6.Жалғасбаева Ж.И.- «Рр дыбысын қою»
Ұжымның абыройын асқақтатып жүрген озық идеяларымен облыс және қала көлеміне танымал болып жүрген ұстаздарымыз бар. Айтар болсақ: Кушкимбаева Мақпал Абылайқызы қалалық «Үздік тәрбиеші – 2014» және облыстық «Үздік тәрбиеші - 2015» сайыстарының жеңімпазы.
Әлиева Фариза Айдарханқызы 2017 жылы қалалық «Үздік тәрбиеші-2017» байқауына қатысып, Бас жүлде иеленді.
Уразбаева Гүлнүр Жалғасқызы шығармашылығының нәтижесінде қалалық аймақтық «Үздік жас тәрбиеші-2015» байқауында II орынды иеленді. 2017 жылы өткен Қызылорда облыстық білім басқармасы оқу орталығы ұйымдастыруымен «Көшбасшы әдіскер, креативті тәрбиеші, дарынды бала» конкурсында «Креативті тәрбиеші» номинациясын жеңіп алды.
2017 жылы Қызылорда облыстық білім басқармасы оқу орталығы ұйымдастыруымен «Көшбасшы әдіскер, креативті тәрбиеші, дарынды бала» шығармашылық апталығында үздік дидактикалық материалдар көрмесіне өзінің қолдан дайындаған панносымен «Шығармашыл тәрбиеші» номинациясын тәрбиешіміз Хиноятова Қанзира Өмірзаққызы иеленді. Өз тәжірибесін тарату мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастыруымен «Балабақша педагогтарының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру жолдары» тақырыбындағы облыстық онлайн-семинар жұмысына қатысып, үздік идеялары мен тәжірибесі таратылды.
Балабақшамыздың педагог-психологы Жүнісова Ғалия Есенбайқызы.Ол 2018 жылы Қалалық «Үздік педагог-психолог» байқауына қатысып I орын иеленді. Жүнісова Ғалия Есенбайқызы «Таным» білім беру саласы бойынша ерте жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбындағы іс-тәжірибесі республика көлемінде таратылды. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің тұрақты дамуы: Казіргі заманғы тенденциялар, отандық тәжірибе, келешегі» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдар жинағына еніп, өзінің әдістемелік құрылын дайындады.
Сағындықова Гүлсім Сағындыққызы І санатты ізденімпаз тәрбиеші. 2017 жылы Ақтөбе қаласында «Білім берудің заманауи әдістері мен технологиялары: Балабақша-мектеп-ЖОО» тақырыбындағы IV Республикалық ғылыми-практикалық конференцияда «Мектеп жасына дейінгі баланы оқыту мен тәрбиелеуде Б. П. Никитиннің дамытушы ойындарының маңызы» тақырыбындығы баяндама оқып, II орынды иеленді. Ол 2017 жылы Қалалық «Үздік тәрбиеші -2017» байқауында жүлделі І орынды иеленді.
Қалдыбекова Айгүл Қалдыбекқызы балабақшаның беделді тәрбиешілерінің бірі. Ол Қызылорда қалалық педагогтардың шеберлігін арттыру филиалында тәрбиешілерге Жаңартылған білім мазмұны бойынша дәріс беріп жүрген педагог-тренер.
2018 жылы Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Креативті тәрбиеші-2018» байқауына қатысқан Жұманова Назерке Өмірзаққызы I орынды иеленді.
2018 жылы Облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен «Үздік циклограмма» байқауына Төребай Алия қатысып, «Білім беру салаларын кіріктіру» номинациясымен марапатталды.
2018 жылы өткізілген қалалық «Үздік ән – әуез жетекшісі» байқауына қатысқан Абдраманова Эльвира ІІ орынды иеленді.
Облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Үздік дене шынықтыру нұсқаушысы» конкурсына қатысқан Жақыпов Нұрхан Бас жүлдені иемденді.
2019 жылы Облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен «Үздік циклограмма» фестиваліне бөбекжай бақша тәрбешісі Қалдыбекова Айгүл Қалдыбекқызы қатысып бас жүлдені иемденді.
2020ж Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Мнистрлігінің «Үздік педагог - 2020» атағын бөбекжай бақшамыздың ән-әуез жетекшісі Бердібекова Зинайда Икрамовна жеңіп алып 2778000 сыйақы иегері атанды.
Осындай облыс, қала көлемінде өздерінің шығармашылдығы мен ізденімпаздығымен жұмы жасап жүрген педагог-тәрбиешілердің жұмыстарының нәтижесі әрине, балалардың жетістіктерімен өлшенуі заңды.
Біздің бүлдіршіндеріміз де халықаралық, республикалық және облыс-қала көлеміне танылып жүр.Атап айтатын болсақ қалалық,облыстық дәрежеде ұйымдастырылып отырған «Бал бала»байқауынан қатарынан 5 жыл «Бас жүлде» иемденіп келді.Сонымен қатар Республикалық, Халықаралық «Таңғы шұғыла» , «Ай - сәулемай», «Бейбітшілік әлемі», «Жұлдызды талант-Звездный талант» фестивальдеріне қатысып Бас жүлде, І дәрежелі, ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып келеді.
Біз туралы қосымша ақпаратты YOU TUBE, FACEBOOK әлеуметтік желісіндегі парақшалардан көріп таныссаңыздар болады.