Ойын баланың негізгі дамытушы құралы.15 наурыз 2021жылы ҚР Үкіметінің №137 қаулысымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделінің» басты міндеттерінің бірі баланың мектепке дейінгі ұйымда өткізген әрбір уақытын ойын түрінде ұйымдастыру болып табылады. Осы мақсатта бөбекжай-бақша әдіскері «Мектепке дейінгі ұйымдағы педагогтердің ойын құзіреттілігін дамыту» тақырыбында семинар-практикум өткізді.

Семинарға қатысушы педагогтар мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбилеу мен оқыту процесін жүзеге асыруда ойын түрлерін қолдануды, жаңартылған білім беру бағдарламасының түйінді идеяларын тиімді пайдалануды үйренді.

Сонымен қатар педагогтер:

1.Ойынды кластерлерге бөлуді

2.SWOT талдауды

3.Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс түрлерін ұйымдастыра жүріп ,ойын түрлерін кіріктіру;

4.Ақпараттық коммуникативтілікті технологияларды жүйелі іске асыру;

5.Жаңартылған білім беру бағдарламасының түйінді идеяларын тиімді қолдануда іс-тәжірибе алмасты.


Алтын Ұя Бөбекжай Бақшасы