«ЗАМАНАУИ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ: БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІ» ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ
13 мамыр күні Педагогикалық шеберлік орталығының Қызылорда қаласындағы филиалының жұмыс жоспарына сәйкес «ЗАМАНАУИ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ: БАСЫМДЫҚТАР МЕН КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІК» тақырыбында МДҰ педагогтарының облыстық форумы Қызылорда Облыстық Оқу Орталығы мен бірлесіп өткізілді. Форумға аудандар мен Қызылорда қаласынан балабақша меңгерушілері, әдіскерлері және тәрбиешілері, барлығы 140 педагог қатысты.Бағдарламаға сәйкес екі бөлімнен тұратын форумның бірінші бөлімі «Бегім ана» бөбейжай-бақшасының базасында ұйымдастырылды.Бақшамыздың үздік педагогтері әріптестеріне «Ерекше бала:түзету мен дамыту» тақырыбында шебер сынып және «Ал,мен мұны былай жасаймын...» педагогикалық ЛАЙФХАК көрсетті. Форумның екінші бөлімі НЗМ базасында диалог алаңы,фасилитациялық сессия, тренинг форматында өткізілді. Форум соңында меңгеруші Жанат Мұханбетқалиқызы бастаған үздік педагогтер АЛҒЫС ХАТ, СЕРТИФИКАТпен марапатталды.

#облыстықфорум