2022-2023 оқу жылындағы«Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбындағы облыстық тамыз конференция аясында қалалық «Мектепке дейінгі тәрбие » бағыты бойынша тәрбиешілердің секция отырысы КМҚК “Алтын ұя” бөбекжай бақшасы базасында өткізілді.Секция отырысыны барлығы 250 астам педагог 28 мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардан әр жас топ ерекшелігі бойынша қатысып іс-тәжірибелерімен бөлісті.Жаңа оқу жылындағы өзгерістермен Қалалық білім бөлімінің әдіскері Сарсембай Жанат Кеулімжайқызы толық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп сұрақтарға жауап берді.Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделінің басты міндетінің бірі баланы ойната отырып дамытуды басшылыққа ала отырып, педагогтарға жаңашыл ойын түрлерінен таныстырылым, шебер-сынып ұйымдастырылды.Педагогтар алған әсерлерімен бөлісіп алғыстарын білдірді.