Бүгін бізде қуаныш, үлкен тойІ
«Алтын ұя» бөбекжай бақшамыздың туылған күніне орай «Туылған күніңмен сүйікті бөбекжай бақшам!» тақырыбында мектепалды даярлық топтар арасында ертеңгілік болып өтті. Бүлдіршіндер мерекені жақсы қарсы алып, керемет көңіл-күй орната білді.Өздері келіп жүрген бөбекжай бақшаларына өлең шумақтарын ән,билерін тарту етті. Бүлдіршіндердің бөбекжай бақшаға деген қызығушылықтары арта түсті. Ертеңгілік соңында бөбекжай бақша меңгерушісі З.Ш.Ерназароваға құттықтау сөз кезегі беріліп ,бүлдіршіндерді мерекемен шын жүректен құттықтап жылы лебізін білдірді.Сонымен қатар бөбекжай бақшамыздың туылған күніне ата-аналар атынан ыстық жылы тілектерінде білдіріп лебіздерін тарту етті.
#АлтынҰя#
#ТуылғанКүн#