Байқау мақсаты көтеріңкі көңіл -күй сыйлаумен қатар, белсенділік ,қызығушылық және әріптестік тығыз қарым-қатынас орнатуды нығайту. Қатысушылар байқауда әр түрлі қырынан көріне білді. Шығармашылық қабілеттерін аша түсті. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарымызды салт-дәстүрлерімізді және 80 жылдар әндерімен ұштастырып, мағыналы жеткізе білді. 7 жұптан тұратын «Алтын ұя дауысы-2022» байқауы ерекше жоғары деңгейде өтті. Қатысушыларды әділ қазы алқалары сахна мәдениетін сақтау , көркемдік сапасы,таңдалған әннің мазмұны және әртістік қабілеттеріне қарай бағалау жасады. Барлық қатысушылар жүлделі орындарға ие болып, сыйлықтармен марапатталды.
«Ең үздік» атанған жұп Нәбиханұлы Шерхан және Төлегенұлы Еркебұлан «Мен қазақтың баласы» әнімен ұлттық нақышта сомдап , әндерін жоғары деңгейде орындап ,өнерлерін паш етті. Әріптестерімізді тағы да бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!