Астана қаласында «Педагогика» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Жиенбаева Сайра Нағашыбайқызының 60 жылдық мерейтойына арналған «Балалық шаққа заманауи көзқарас және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың даму векторлары» Республикалық ғылыми - әдістемелік семинар ұйымдастырылды.
Мақсаты: «Өсу нүктелері» құзыреттілік орталықтары»,
«Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойында екі педагог» пилоттық жобалары және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын бағалау өлшемшарттары апробациясыаясында тәжірибе алмасу. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру шеңберінде балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда жаңа тәсілдерді енгізуді сапалы қолдау.
Қатысушылар:
Облыстық әдістемелік орталықтар мен кабинеттердің, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімдерінің жауапты мамандары, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері, педагогтері Қызылорда қаласы бойынша аталған семинарға «Алтын ұя» IT бөбекжай бақшасының меңгерушісі Зафура Шаршыбекқызы және тәрбиеші Қалдыбекова Айгүл Қалдыбекқызы және «Сыр бөбегі», «Сыр шуағы», «Бегім ана» бөбекжай бақшалары Республикалық ғылыми-әдістемелік семинарға шебер сынып кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдағы іс-әрекетте және күн бойындағы сәттерінде баланы дамытуға арналған ойын түрлерімен тәжірибе алаңында бөлісіп қайтты.
Сонымен қатар Астана қаласының №1 Қарлығаш балабақшасында «Өсу нүктелері» құзыреттілік орталықтары» бойынша және №95 «Алматы» балабақшасында ұйымдастырылған «Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойында екі педагог » пилоттық жобасы педагогтерінің шеберлік сыныптарының кіріктірілген іс –әрекеттерімен тәжірибе алмасып келді. Семинар соңында педагогтерды Құрмет грамоталар және сертификаттармен марапаттады.