«Алтын ұя» IT бөбекжай бақшасында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жоспарға сәйкес «Тәуелсіздік –рухы күшті ғажап күн! » тақырыбында апталық ұйымдастырылды. Апталық мақсаты бойынша тәрбиеленушілердің бойына  ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сананы, әрбір қазақ баласының бойына дарыту және туған жерін, елін, Отанын сүюге патриоттық тәрбие беру. Тәрбиеленушілер ұйымдастырылған іс –әрекетте ҚР Гимнін орындап,  өлең шумақтарымен  де бөлісті. Сонымен қатар топтарда тақырыпқа сәйкес қабырға газеттері ілінді.