«Алтын ұя» IT бөбекжай бақшасында 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жоспарға сәйкес «Тәуелсіздік тұғырым » тақырыбында «Арай»мектепалды даярлық  тобында ертеңгілік болып өтті. Ертеңгілік мақсаты бойынша тәрбиеленушілердің бойына  ұлттық сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық сананы, әрбір қазақ баласының бойына дарыту және туған жерін, елін, Отанын сүюге патриоттық тәрбие беру. Тәрбиеленушілер 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай жыр шумақтарымен өнерлерімен бөлісті.