" Бегім ана" бөбекжай- бақшасында оқу ағарту министрі Ғани Бектайұлымен кездесу өтті. Бөбекжай- бақшамызда балалар үшін жасақталған заттық кеңістіктік дамытушы арнайы орталармен танысып, оң бағасын берді. Әсіресе ұлттық бағытта жасалып жатқан жұмыс түрлеріне қызығушылық танытып, мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық тәрбие беру бағытын ЖОБА ретінде басты назарға алып, тәжірибемен бөлісуге ұсыныс жасалды.

"Бегім ана" бөбекжай- бақшасының шығармашыл ұжымының еңбегі еленіп, бұл кездесу ұжым үшін үлкен серпіліс болды. Республикалық "Мектепке дейінгі үздік ұйым" сайысының жеңімпаз балабақшасы өз тәжірибесімен бөлісуге және тың жаңалықтардың жаршысы болуға әрқашан дайын екендіктерін дәлелдеді.