Балалар – бұл біздің болашағымыз. Бастаған ізгі істеріміздің жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт-құсымыздың қанаты. Осы себепті олардың бақытты болуы үшін ештеңе аямаймыз.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде КМҚК "Алтын ұя" бөбекжай бақшасының бүлдіршіндері мерекеге орай ұйымдастырылған қалалық іс-шарада өз өнерлерін көрсетті.Сонымен қатар жазғы-сауықтыру жоспарына сәйкес бөбекжай бақшамызда мерекелік іс-шараар болып өтті.Мереке күні Қалалық білім бөлімінің басшысы Ерлан Теңізбайұлы Боданов пен Қалалық кәсіподақ комитеті төрайымы Алимбетова Орынша Міржақыпқызының керемет құттықтауы тосын сый болып көңілді көтере түсті.Мерекенің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барша Ата-Аналарымызға Алғыс айтамыз!
https://italytynuya.edu.kz/kz/zhanaly-tar/279-balalardy-or-au-k-ni.html#sigFreeIdf9eaaf08a0