КМҚК "Алтын ұя" бөбекжай бақшасының жазғы сауықтыру жоспарына сәйкес "Жол тәртібін білейік - аман есен жүрейік" тақырыбында апталық болып өтті. Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, балаларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу. Апталық барысында тақырыпқа сәйкес дәстүрден тыс сурет салу байқауы және мерекелік ойын - сауық ұйымдастырылды.