15 сәуір 2021 жылы КМҚК «Алтын ұя» бөбекжай бақшасында «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АКЦИИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ФИЛИАЛЫ ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША КӘСІБИ ДАМУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі ұйымдағы ІТ технологиясының тиімділігі» тақырыбында «КӨШПЕЛІ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ» іс тәжірибе алмасу күні болып өтті.
Семинарға облыс көлеміндегі мектепке дейінгі ұйым педагогтері қатысты.Семинар балаларды дамытуға бағытталған ойын көрмесімен ашылды.Бөбекжай бақша меңгерушісі З.Ш.Ерназарова көрме жұмыстарымен оның ішінде «Томпақ» дамытушы планшетімен сонымен қатар бөбекжай бақша ішін аралатып таныстырды.Көшпелі сабақ практикасында бөбекжай бақша педагогтері Төлегенұлы Е «Су хауызындағы көңілді ойындар», Мустаяпова Э кіші топта «Сенсорика» оқу қызметін, Өксікбай А ортаңғы топта «Қоршаған орта» оқу қызметін, Қалдыбекова А мад топта «Сауат ашу» оқу қызметін, Шардарбекова А мад топта «Жас зерттеуші» вариативтәу бөлікті, Жұмағұлова М ересек топта «Математика негіздері» оқу қызметін, Набиханұлы Ш «Қызықты Робототехника әлемі» үйірме жұмысын ойын түрінде ұйымдастыруды көрсетті. Сонымен қатар оқу қызметі барысында қолданылған «BILIMKIDS,BILIMLAND» дегеніміз не таұырыбында әдіскер Т.Ш.Шамахунова презентация көрсетіп түсіндірме берді.
Семинар қатысушылары көшпелі практикалық сабақтардан алған әсерлерімен бөлісіп, Алғыс айтып өз ризашылықтарын білдірді.


Алтын Ұя Бөбекжай Бақшасы