Бiз туралы
«Алтын ұя» IT бөбекжай бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Кәсіпорынның мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Сырдария м/а, Құрылыс 22.
Бөбекжайдағы балалар саны: 320.
КМҚК “Алтын ұя” IT бөбекжай бақшасы
КМҚК “Алтын ұя” IT бөбекжай бақшасы Қызылорда қаласы Сырдария шағын ауданы құрылыс 22 үйде орналасқан. Бөбекжай бақша сыйымдылығы - 320 балаға арналып, 16 топты құрайды. Бөбекжай бақшамыз «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты» мен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» бойынша тәрбие – оқу үдерісін ұйымдастырып жұмыс атқаруда.
Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында бөбекжай бақшамызда:меңгеруші, әдіскер, педагог-психолог, педагог-ұйымдастырушы, логопед-дефектолог, әуез жетекшілері, дене шынықтыру нұсқаушылары, хореограф, және 32 тәрбиеші жұмыс жасауда. Бөбекжай бақшамызда логопед-дефектолог бөлмесі, педагог-писхолог бөлмесі, сенсорлық бөлмесі, ән-әуез залы, дене шынықтыру залы және STEAM кабинетімен жабдықталып, бала игілігіне жұмыс жасауда.
Бөбекжай бақша педагог – тәрбиешілері «Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы», «Тәй-тәй», В.В Воскобовичтың ойын әдісі, Ақпараттық – коммуникативтік технология, Д.Кюизенер таяқшалары, Фридрих Фребель материалдары, Б.П.Никитин технологиясы, Ойын технологиясы, М.Монтессори педагогикасы,Ефименко технологиясы, Жобалау технологиялары, STEAM кабинеті, Қызықты робототехника әлемі үйірмесі, Интеллектум ойындарын оқу тәрбие процессінде балалардың бірегей қабілеттерін дамытуда кеңінен қолдануда.
Бөбекжай бақшада 14.05.2020ж №202 бұйрыққа сәйкес 1педагог-шебер, 5 педагог-зерттеуші, 9 педагог-сарапшы, 6 педагог-модератор біліктілік санаты бар педагогтар жұмыс атқаруда.
Қызылорда қаласының Педагогикалық шеберлік орталығы филиалында «Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарламасы» тақырыбында білім жетілдіру курсы ұйымдастырылып, педагогтарымыз 100% білімдерін жетілдірді.